КУЛДАНОВ НАУРЫЗ ТАЛГАТОВИЧ
Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор
БАЙЛАНЫС: Қабылдау бөлмесі +7 (727) 277-61-18
1. БІЛІМІ:
2009 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін «Ән салу» мамандығы бойынша үздік аяқтаған;
2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған;
2017 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болады;
2019 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алады;
2022 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантураның толық оқу курсын аяқтайды.
2. ЖҰМЫС ӨТІЛІ:
2011-2014 ж.ж. – М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебінде вокал сыныбы бойынша оқытушы;
2013-2014 ж.ж. – ЖШС Ақпараттық кеңестік-продюсерлік «Solo» арт орталығы бас директоры;
2014-2015 г.г. – М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2015-2016 г.г. – ЖШС «RICHES KZ» атқарушы директор;
2016 ж. қаңтары мен тамыз айы аралығы - ЖШС «RICHES KZ» арт директоры ;
2016-2017 ж.ж. – М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2017 ж. шілдесі мен тамыз аралығы – «Казақконцерт» мемелекеттік концерттік ұйымның маркетинг бойынша менеджері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша орталық жобалық кеңсеге «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша менеджері ретінде іссапар бойынша жұмысқа жіберілген;
2017-2018 ж.ж. – М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2018-2019 ж.ж. – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының оқытушысы;
2019-2022 ж.ж. – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторанты;
2021-2023 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық косерваториясы, «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушысы (қос-қызметтілік);
2022-2024 г.г. – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының аға оқытушысы;
2024 жылдың 28 тамызынан – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры.